25 Қар 2020
Страницы KZ КГУ "СШ Куйган"

Мектеп туралы

Тарбағатай тауын қоңыр  қозыларындай тел емген қос жота –жақсы Арғанаты мен жаман Арғанаты баурайындағы Құйған ауылындағы Құйған орта мектебі тарихы да ел, жер тарихымен тамырлас.

Байтақ елдің шығысында жатқан алақандай ауылдағы білім ордасының ашылу тарихы қазіргі уақытқа дейін қабырғасы сақталып тұрған ауылымыздың күнбатысында орналасқан мешіт үйімен байланысты.

Кейбір тарихи деректер мен көне көз қариялардың естігендері бойынша бұл мешіт үйі 1894 жылы Құрманғажы  Кенжеұлы салдырған.Сайболат Құрманқажы жас кезінде аруақты батыр болған, кейіннен қажыға барып, дін жолын ұстанған қасиетті адам болыпты.

1927 жылы «Жас еңбек» серіктестігі құрылып, мешіттің жанынан мектеп ашылады. Мешіт екі бөлмелі, күмбезді болған деседі. 1939-1940 жылдарға дейін жұмыс істеген мектеп «Ырғайлы» бастауыш мектебі деп аталған. Оның бұлай аталуының өзіндік себебі бар. 1924 жылы бұл жерде «Ырғайлы» шекара комендатурасы қоныстаныпты. Осыған байланысты мектеп те «Ырғайлы» деп аталған. Бұл кездегі мектептегі бала саны шамамен 40-45 тей болған екен.

Алғашында екі жылдық, 1932-1934 жылдары үшжылдық, 1938-1939 жылдары төрт жылдық болған «Ырғайлы» бастауыш мектебін Хасен  Рафиковтан кейін Хамзин, Мұртазин деген азаматтар басқарған. 1940 жылы «Жас еңбек» жеті жылдық мектебіне айналады. Мектеп директоры Көбелекова Күлжәкіш болыпты. Соғыс басталардың алдында ғана «Жас еңбек» серіктестігіне байланысты мектеп аты өзгеріп, «Жас еңбек» жетіжылдық мектебі болып аталады. Алты сынып бөлмесі бар, жанында интернат үйі бар мектепті 1946 жылға дейін директоры болып Тұрарбаев басқарады. 1946-1949 жылдары мектепті А.Жақсыбаев деген азамат басқарған екен.

1949-1954 жылдары мектеп директоры болып Әбілқайырова Қайныш, Арпабаев Құсайын жұмыс істеген. 1955-1956 жылдары Шыңғаев Нұрсапа 2 жыл мектеп директоры қызметін атқарған.

1957-1961 жылдары мектепті Закария Қарымсақов басқарған. Оқу ісінің меңгерушісі Мәдениет Ахметов болады.

 Мектеп тарихындағы тағы бір айтулы оқиға мектеп атауының өзгеруі еді. Бұл 1960 жылы болатын. Ауыл «Тарбағатай» совхозының орталығы болып белгіленген кез. Мектеп «Қазақстанның 40 жылдығы» атындағы мектеп аталады. Бала санының артуына байланысты қосымша 3 бөлме қосылып, мектептегі сынып бөлмесі 11-ге жетеді. Мектепте 300-ден астам оқушы оқып, білім алған.

1966-1967 оқу жылында мектеп «Қазақстанның 40 жылдығы» атындағы орта мектеп дәрежесіне ие болады. Бастауыштан білім алып келе жатқан 30 оқушы алғаш рет 10-шы сыныпты бітіреді. Интернат үйі де кеңейтіледі.

1975-1986 жылдары мектеп директоры болып Мұхамадиев Мырзабек, Сансызбаев Төлеубек істеді. Оқу ісінің меңгерушісі Уалиев Ильяс, Көкенова Гүлнар, Тастанбекова Гүлжиһан, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары болып Мамырханова Бақыт, Қанапиянова Гүлғайша, Іргебаева Ермектер жұмыс атқарған. Мектепте 550-620 аралығында оқушы болып, мектеп жанынан 60 балалық интернат үйі жаңа үлгіде салынып беріледі. 1975 жылы«Қазақстанның 40 жылдығы» атындағы мектеп өз тарихында алғаш рет 320 орындық жаңа үлгідегі ғимаратқа қоныстанды.

Мектепті 1986-2006 жылдары өмірлік тәжіирбесі мол, жас кезінен басшылық қызметтер атқарған Нұрмұхамедов Әлібек басқарған. 2006 жылдан бері мектеп директоры болып Тыныбаев Серікқазы қызмет атқаруда.

Осы 2006 жылдан бастап мектеп «Құйған орта мектебі» КММ болып өзгерген.

Пайдалы ақпараттық ресурстар